
Еліміз арқылы Ресей, Түрікменстан және Өзбекстанның газы тасымалданады. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті.
«Өткен жылы қазанда Ресей газын Өзбекстан Республикасына транзиттеу басталып, 1,28 млрд текше метр газ тасымалданды. Биыл біз оны 3,8 млрд текше метрге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Кейін тағы да жылына 11 млрд текше метр газ тасымалдауды дейін ұлғайту көзделіп отыр», - деді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында.
Сондай-ақ, министр Ресейдің газын Қырғызстанға тасымалдауды арттыру мәселесі қаралып жатқанын айтты.
«Одан бөлек, түрікмен және өзбек газын Қытай Халық Республикасына транзиттеу тұрақты түрде артып келеді. Биыл газ транзитін 37,1 млрд текше метр дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», - дейді ол.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Педофилдерге химиялық кастрация жазасын қолдану тәртібі күшіне енді
- авторОймақ
- 17 қазан, 2025
Президент Олжас Бектеновке экономикалық реформаларды жеделдетуді тапсырды
- авторОймақ
- 16 қазан, 2025