Әлем

Жапония орбитаға ағаштан жасалған шағын жерсерік ұшырады

Жапон ғалымдары әлемдегі дәстүрлі ғарыш аппараттарынан ерекше, миниатюралық ағаш спутникті жасап шығарды.

АЗЕРТАДЖ агенттігінің хабарлауынша, LignoSat зондының атауын алған туынды магнолия ағашынан жасалған. Ол Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) бортында жүргізілген эксперименттер кезінде мұқият тексерілген. Магнолия ағашы ерекше тұрақтылыққа ие және қатты селкілдеуге төзімді. Құрылғы осы жазда іске қосылады деп жоспарланған.

Көлемі кофе шыныаяғындай ғана спутник орбитада бірқатар эксперименттерден өтеді.

Зонд ғарышта кемінде алты ай жұмыс істейді және миссия аяқталғанда атмосфераның жоғарғы қабатына қайта кіреді деп жоспарланған.