Сәби қоқыс дорбасына оралған.
Алматыдағы қоқыс зауытында қоқыс пакетінің ішінен жаңа туған сәби табылған. Полиция атаған жайтқа қатысты пікір білдірді.
Полиция департаментінің мәліметінше, бұған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Оқиға 14 шілдеде "Green Recycle" ЖШС зауытында қалдықтарды сұрыптау кезінде болған.
Сәбидің денесін кәсіпорын жұмысшылары конвейер желісінен тауып алған. Сәби қоқыс дорбасына оралған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.