Қоғам

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне қатысты сот тергеуі аяқталды

Мемлекетке келтірген жалпы шығын 1,2 миллиард теңге болған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астанадағы арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне қатысты сот тергеуінің аяқталғанын хабарлады, – деп хабарлайды Антикор баспасөз қызметі.

"460-тан аса автокөлікті заңсыз есепке қоюмен айналысқан ҰҚТ мүшелеріне – елордалық Мамандандырылған ХҚКО қызметкерлеріне, полиция қызметкерлеріне және азаматтық тұлғаларға (12 адам 3,5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 3 адам 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды) қатысты үкім шығарылды", – делінген хабарламада.

Мемлекетке келтірген жалпы шығын 1,2 миллиард теңге болған.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.