жұма, 20 қыркүйек, 2024 10:55

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматы облысында жедел жәрдем қызметкерлері әйелді үйінде босандырып алды

Алматы облысында жедел жәрдем қызметкерлері әйелді үйінде босандырып алды
Фото: Алматы облысы әкімдігі
Алматы облысында жедел жәрдем қызметкерлері әйелді үйінде босандырып алды

Жедел жәрдем бригадасының фельдшері Қарасай ауданының Іргелі ауылының тұрғынын үй жағдайында босандырып алды.

Алматы облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақыртуға жедел жәрдем көлігі 20 минутта жеткен. Алайда әйелдің толғағы 2 сағат бұрын басталған. Сондықтан жүктіліктің 39-40-шы аптасынадағы әйелді үйінде босандырып алуға мәжбүр болды. Шұғыл шақыру орнына 19/23 бригада фельдшері Мақпал Құнафина мен қосалқы фельдшер Бахытгүл Рысмендиева барған.

«Келе салып науқасқа жедел медициналық жәрдем көрсеттік. Шақырту түскен кезде диспетчер толық мәліметті берген болатын. Уақытты созбай бірден босандарып алуға көштік» - дейді, 19/23 бригада фельдшері Мақпал Құнафина.

Жедел медициналық көмектің арқасында 19/23 бригадасы әйелді аман-есен босандырып, Қаскелең аудандық ауруханасына жеткізді. Қазіргі уақытта ана мен нәресте дін аман.

Айта кетейік, Алматы облысының халық саны 1 млн 582мың 52 адам. Соңғы 6 айдың ішінде облыстық жедел жәрдем қызметкерлері 327 566 шақыртуға қызмет көрсетті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар