Қоғам

Астанада автобус бағыты уақытша өзгерді

Астанада автобус бағыты уақытша өзгерді

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір қоғамдық көліктердің бағыты өзгерді.

«City Transportation Systems» ЖШС хабарлағандай, жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №№ 313, 314 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

«Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.