бейсенбі, 21 қараша, 2024 20:58

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Желіде екі баласын өлтірген әйелдің жауап алу кезіндегі видеосы тарады

Желіде екі баласын өлтірген әйелдің жауап алу кезіндегі видеосы тарады
фото: ашық дереккөз
Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді.

Желіде екі баласын өлтірген әйелдің жауап алу кезіндегі видеосы тарады.

Тергеу кезіндегі бейнежазбаның үзіндісі HolaNews Telegram каналында жарияланды.

Айта кетейік, Шиелі ауданындағы мектептердің бірінде жұмыс істеген  31 жастағы әйел 6 ақпанда ешкімге ескертпестен, үйінен екі баласын алып, Түркістан қаласына кетіп қалған. Ертеңіне, жалдамалы пәтерде 2 баласын жастықпен тұншықтырып өлтірген. Ол бұл қадамға күйеуімен ұрсып қалған соң, барған.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Түркістан қаласында «екі баласын тұншықтырып өлтірді» деген айып тағылған 31 жастағы Бота Хамитқызына 15 жыл түрме жазасын кесті. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар