жұма, 20 қыркүйек, 2024 13:14

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мәдина ұлына көлік сыйлады

Мәдина ұлына көлік сыйлады
фото: скрин
Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

Танымал әнші Мадина Сәдуақасова мектепте оқитын ұлына салоннан су жаңа көлік сатып әперді. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

Бейнежазбада әнші ұлына темір тұлпардың кілтін табыстап жатқанын көруге болады. Олардың таңдауы 2024 жылғы Lexus RX350 автокөлігіне түскен.

Әншінің айтуынша, бұл - баласына берген қымбат сыйлықтарының бірі. Бірақ темір тұлпарды ұлы жүргізбейтінін жеткізді. 

"Әнуар машинасын ауыстырды! Су жаңа 2024 жылғы. Ойлап қалмаңыз өзі рульге отырады деп, мектеп, баскетбол, бассейнге алып жүретін көлігін жаңарттық. Құтты болсын, жаңа көлік. Туған күн жалғасуда. Сіздердің де балаларыңызға жұғысты болсын", - деп жазды Сәдуақасова.

Әншінің ұлы да ата-анасының сыйлығына қатысты пікір білдіріп, "Құттықтауларыңызға рақмет! Анам түрлі қалаларда, әкем жұмыста. Ал маған мектепке, түрлі жұмыстармен көп жүру керек. Ескі көлікті жаңартып берді", - деп жазды парақшасында. 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар