Қоғам

8 шілде қазақстандықтар демала ма: мереке сенбіге сәйкес келіп тұр

Өйткені биыл Елорда күні сенбіге сәйкес келеді.

Биыл 6 шілде сенбіге сәйкес келіп тұр. Осы себепті де қазақстандықтар Астана күніне орай қосымша бір күн демалатын болды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылдың шілдесінде демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбағанын айтты. Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 6, 7 және 8 шілдеде демалады. Өйткені биыл Елорда күні сенбіге сәйкес келеді.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 8 шілдеде әдеттегідей жұмысқа барады.