Скляр жаңа қызметке барды
Үкіметтің өкімі шықты
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы жаңа құрылым – Ұлттық инвестициялық қызмет орталығын басқаратын болды.
«1. Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталық құру. 2. Ұлттық орталық өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің құрылымы негізінде жүзеге асырады», – делінген Үкімет өкімінде.
Бекітілген регламентке сәйкес, орталық қызметіне жалпы басшылықты премьер-министрдің бірінші орынбасары жүзеге асырады. Бұл лауазымды қазір Роман Скляр атқарады.