жұма, 22 қараша, 2024 23:44

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Роман Скляр ұлттық инвестиция орталығын басқарады

Роман Скляр ұлттық инвестиция орталығын басқарады
фото ашық дереккөздерден алынды
Роман Скляр ұлттық инвестиция орталығын басқарады

 Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталықты басқарады. Бұл туралы Үкімет басшысының инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталықтың кейбір мәселелері туралы өкіміне қосымша берілген ережеде айтылған.

«ИҚҰО қызметіне жалпы басшылықты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары іске асырады», — деп жазылған ереже мәтінінде.

Осылайша Роман Склярға жаңа мемлекеттік құрылымның басшысы мынандай міндеттер жүктеледі:

ИҚҰО жұмысын ұйымдастырады;

ИҚҰО жұмысына мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың өкілдерін тартады;

ИҚҰО-ға жіберілген жұмыскерлердің міндеттері мен функционалдық міндеттерін айқындап, қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың басшыларына жұмыскерлерді ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар басшыларының атына ИҚҰО-ға жіберілген жұмыскерлерді көтермелеу немесе жазалау туралы ұсыныстар енгізеді;

Премьер-Министрдің бірінші орынбасарын ИҚҰО жұмысының нәтижелері туралы тоқсанына бір реттен сиретпей хабардар етіп тұрады;

ИҚҰО жұмыс топтарын қалыптастырады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар