Саясат

Қазақстан мен Қытай бизнесі 5,2 млрд доллар сомасындағы құжаттарға қол қояды

Қазақстан мен Қытай бизнесі 5,2 млрд доллар сомасындағы құжаттарға қол қояды

ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Қазақстан мен Қытай арасындағы жобаларға түсінік берді.

«Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық және экономикалық қарым-қатынас жыл сайын өсіп келеді. Былтыр 1,2 млрд АҚШ доллары сомасында инвестиция тартылды. Жалпы, кейінгі 10 жылда 14 млрд доллар инвестиция Қытайдан келді. Сонымен қатар, Қытайға Қазақстанның таруарларын экспорттау өсіп жатыр. Бүгінгі форум аясында 45-тен астам экономикалық құжатқа қол қойылады. Оның құны 5,2 млрд АҚШ долларын құрайды», - деді Ғ.Оспанқұлов Қазақстан – Қытай іскерлік кеңесі кезінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып. 

Бұл тұрғыда ол жүзеге асырылатын ірі жобаға тоқталды.

«Бізде Транскаспий халықаралық дәлізі іске қосылғанын білесіздер. Сианьде біздің құрғақ портымыз бар. Бүгінгі қол қойылатын құжат аясында «Қазақстан темір жолының» үлкен жобасы іске асырылмақ. Оның нәтижесінде тауар тасымалы бірден ұлғаяды. Бұл өз кезегінде Еуропа мен Қытай арасындағы тұрған Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік. Қытай нарығын біз тиімді пайдалануымыз керек. Логистикалық жобалардан бөлек, медициналық заттарды шағаратын салаға мән берілген», - деді Инвестиция комитетінің төрағасы.