Нұрлан Қоянбаев 1979 жылдың 19 шілдесінде Қызылорда облысында дүниеге келген. 1996-2000 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетінде білім алған.
2009-2011 жылдары экономика және құқық академиясында қаржы және несие факультетінде оқыды. 2012-2015 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистратураны бітірді.
Бұған дейін ол ҚР Президенті телерадиокешенінің креативті директоры, "Қазақстан" ұлттық телеарнасының бас продюсері қызметін атқарған. Республикалық телеарналарда басқа да танымал жобаларды ұйымдастыруға атсалысты.
2021 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен "Шапағат" медалімен марапатталды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Елена Әбдіхалықова: Димаш көкжиекке көз тігіп, әлемге қанат жайып отыр
- авторОймақ
- 16 ақпан, 2026
Менің атым – Амантай: танымал журналист шын есімі қандай екенін айтты
- авторОймақ
- 13 ақпан, 2026






