Алматы облысының таулы аймақтарында, Ұзын-Қарғалы өзенінің бойында бес күннен бері іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Ер адам мал бағуға кетіп, қайтып оралмаған.
2024 жылғы 25 маусымда таңғы сағат 06-00-де Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылынан 4 шақырым жерде 1970 жылы туған азамат мал жаюға шыққан. Сағат 19:30-да оның үйіне оралмағаны, болжам бойынша таулы аймақта жоғалып кеткені белгілі болды.
«Іздестіруге 10 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды, оның ішінде 1 ұшқышсыз ұшатын аппарат, 1 жүзу құралы және 1 Алматы облысы ТЖД кинологиялық есебі, 6 құтқарушы, 1 техника және 1 ҚР ТЖМ РЖҚО кинологиялық есебі, полиция департаментінің 4 қызметкері және 1 техникасы, 5 жергілікті тұрғын. Іздеу жұмыстары жалғасуда», – деп хабарлады облыстық ТЖД.
Іздеу жұмыстары жалғасуда.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне көңіл айтты
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысындағы қанды оқиға: күдіктінің соты ашық өтетін болды
- авторОймақ
- 21 қараша, 2024