Қоғам

Храпунов пен Әблязов Алматы әкімдігінен ұрлаған ақшаны қайтара ма – Талғат Уәли

Бұл сома бір апта ішінде сот тарапынан өзгертілуі мүмкін.

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли Храпунов пен Әблязов істеріне қатысты мәлімдеме жасады. 

Оның айтуынша, «Биылғы 26 маусымда Нью Йорктің оңтүстік округі бойынша аудандық соты 3 апталық соттың аяқталуынан кейін алқабилер Әділет министрлігнінің Алматы қаласы әкімдігінің мүддесі үшін және БТА банк АҚ бірлестігінің талап қоюы бойынша Ілияс пен Виктор Храпунов, Мұхтар Әблязов, Ф. Сатер сыбайластарына қарсы істі қараған".

Оның айтуынша, И. Храпуновқа М. Аблязовтың БТА-дан, В.Храпуновтың әкімдіктен ұрлап әкеткен ақшаны жылыстатуға көмектесу дерегі бойынша 32 млн АҚШ долларынан астам сомаға бірауыздан үкім шығарды.

Бұл сома бір апта ішінде сот тарапынан өзгертілуі мүмкін.

Талғат Уәлидің сөзінше, осы азаматтық сот ісін Әділет министрлігі (Алматы қаласы әкімдігінің мүддесі үшін) және «БТА Банкі» АҚ 2019 жылы негізсіз баю, ақшалай қаражатты заңсыз иемдену және қылмыстық шығу тегі бар ақшаны алу сияқты негіздер бойынша И. Храпуновқа пен М.Аблязовтың жалған компаниясына қарсы басқа Flatotel сот процесі барысында осы факт анықталғаннан кейін бастамашылық жасаған.