Экономика

Ғарыштан мониторинг көптеген олқылықтарды анықтады

2023 жыл жер бетіне ғарыштан жүргізілген мониторинг нәтижесінде мыңдаған гектар қолданылмай жатқан егіс алқаптары анықталған. Цифрлвқ даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осындай дерек ұсынды.

 

Нақтырақ айтқанда ғарыштық мониторинг нәтижесінде қолданвлмай жатқан 900 мың гектар егін алқабы, жартылай пайдаланылған 790 мың гектар алқап анықталған.

Сонымен қатар 20,6 млн га орман цифрландырылып, заңсыз ағаш кесудің 53 дерегі белгілі болған.

Рұқсатсыз қоқыс төгілген 13 орын мен қандай да бір іс-әеркетке тыйым салынған қорғаудағы су аумақтарынан 369 нысан да ғарыштан мониторинг жасау нәтижесінде анықталды.

Одан бөлек, қалдықтар заңсыз жиналған 5,5 мың , пайдалы қазбалар заңсыз қащылған 2,5 мың орын белгілі болды.

 

Oimaqnews