Ошта қаза тапқандар арасында шығысқазақстандық балалар бар
Туристік аймаққа түскен селдер кішкентай шығысқазақстандықтардың өмірін қиып, өңірдің барлық тұрғындары үшін қайғылы жағдайға айналды.
Ош облысының Ноокат ауданындағы ауыл тұрғындар мен туристер арасында қаза тапқандар ішінде Шығыс Қазақстанның балалары да бар. Қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз аналарымен туыстарына қонаққа барған. Туристік аймаққа түскен селдер кішкентай шығысқазақстандықтардың өмірін қиып, өңірдің барлық тұрғындары үшін қайғылы жағдайға айналды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmeida.kz.сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің хабарлауынша, бүгін қаза тапқандардың денелерін Өскеменге арнайы бортпен жеткізген. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған өңірдің барлық қызметтерінің мамандары жұмылдырылған.
– Өңір басшысы Ермек Көшербаев қаза тапқандардың туыстарымен кездесті. Осы қиын күндерде жергілікті атқарушы органдар мен «Халифа Алтай» мешітінің қызметкерлері жерлеу рәсімін ұйымдастып, өткізуді өз мойындарына алды. Өңірдің кәсіпорындары мен бизнес өкілдері отбасыларға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. Әкімдік қызметкерлері мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары қайғылы оқиғаға байланысты туыстарына көңіл айтты, – деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабының ақпаратына сәйкес, сел тасқыны салдарынан бұрын жоғалып кеткен Қазақстанның төрт баласының денесі табылған. 28 маусымда Қырғызстанда қатты жауын-шашынның салдарынан Ош облысының Ноокат ауданындағы жойқын сел болып, тұрғындар мен туристер опат болды.