Өзбекстанда балаларды діни тәрбие алуға заңсыз тартқандарға айыппұл салынады
та-аналарға баласын тіркелмеген діни ұйымдарға немесе тиісті білімі жоқ адамдарға оқуға жіберуге тыйым салатын заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды.
Олий Мажлистің заң шығарушы палатасының отырысында «Кейбір заңнамалық актілерге балалардың құқығын одан әрі нығайту мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды.
Заң жобасы Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің 47-бабын ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың баланы діни білім беру процесіне заңсыз тартуы үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілейтін қосымша бөліктермен толықтыруды көздейді. Осылайша, баланы діни білім беру үдерісіне заңсыз тартқан жағдайда, негізгі есептік соманың (ең төменгі жалақының орнына пайдаланылған) 10-нан 15 еселенген мөлшерінде айыппұл салынады.
Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде дәл сол құқық бұзушылық қайталанса, 15-тен 25-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Сонымен қатар ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың заңды бұза отырып баланы діни білім беру үдерісіне тартуына жол берілмейді. Яғни, Өзбекстандағы діни ұйымдардың орталық басқару органының рұқсатынсыз баланы тіркеуден өтпеген немесе лицензиясы жоқ ұйымдарға, арнайы діни білімі жоқ және діни білім беретін тұлғаларға діни білім алуға беруге тыйым салынады.
«Бұл заң жобасын қабылдау балалардың білім беру саласындағы құқығын қорғауға және олардың діни экстремизм, сепаратизм және фанатизм идеяларының құрбаны болуына жол бермеуге қызмет етеді», - деп атап өтті депутаттар.