Алматыда автобус апатқа ұшырап, бір жолаушы көз жұмды
Полиция мәліметінше, адам өліміне әкелген апат бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Алматыда автобус апатқа ұшырап, 16 адам жарақат алып, бір адам қаза тапты.
Полиция мәліметінше, адам өліміне әкелген апат бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.
«Жол-көлік оқиғасы 14: 20 минутта Алматының Алмалы ауданында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, «Kia» көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта өтіп бара жатып, «Сity-Bus» ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-ші бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысып, артынша кедергіге соғылған», - деп хабарлады ведомстводан.
Апат салдарынан қоғамдық көліктің 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгінсе, бір жолаушы сол жерде көз жұмды.