Елорда күнін атап өту үшін 100-ге жуық түрлі іс-шара жоспарланған, оның ішінде қаланың тұрғын алаптары да назардан тыс қалған жоқ.
Іс-шаралардың басым бөлігі қала тұрғындары мен қонақтары үшін тегін. Сонымен қатар, 6 шілде – Астана күніне орай дрондардың жарық шоуы ұйымдастырылады. Шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.
26 маусымнан 4 шілдеге дейін аппаратураның техникалық жай-күйі мен қабілетін тексеру үшін техникалық ұшулар орындалады. Соңғы суретті елорда тұрғындары мен қонақтары 6 шілде күні ЭКСПО аумағында көреді. Уақыты туралы қосымша хабарланады.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.