Бишімбаев адвокаты: "Судья мен прокурор біздің көп өтініштерімізді қанағаттандырмады. Бұл заңға қайшы"
- авторОймақ
- 26 маусым, 2024
- 547
Жуырда Жоғарғы сот Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түскенін хабарлаған еді.
«ҚР Жоғарғы соты республика соттарының отырыстарын тікелей эфирде өткізу тәжірибесін жалғастырып жатыр. Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті», – делінген хабарламада.Жоғарғы сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Сот отырыстары тікелей эфирде өтіп жатыр. Апелляциялық сотта сотталушы Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов сөз сөйлеп жатыр. Ол соттың Бишімбаев адвокаттарының көптеген өтініштерін негізсіз кері қайтарғанын, сот процесіне қатысты нақты айғақтары бар кейбір дәлелдемелерді қарау туралы өтініштерді қанағаттандырмағанын айтуда. Оның айтуынша, мәселен Судья Айжан Құлбаева экс-министр Қуандық Бишімбаев адвокаттары жасатқан ресейлік сот-медициналық сараптамасы туралы өтінішін қанағаттандырмады.Сондай-ақ "Салтанат Нүкенованың ұялы телефонындағы кейбір хаттарды оқуға прокурор тарпынан оқытылмады", деп наразылығын білдірді ол.
Айта кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған болатын. Ал оқиға орнында оның жанында болып, қылмысты жасыруға атсалысқан Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Будапешттегі Король сарайында Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
- авторОймақ
- 20 қараша, 2024