Бишімбаев пен Байжановқа қатысты апелляциялық сот отырысы басталды
Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевқа кесілген жазаны қайта қарау бойынша апелляциялық сот отырысы басталды.
Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылдады. Сот отырыстары тікелей эфирде өтіп жатыр.
«Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 424-бабына сәйкес, алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімге шағымдарды қарау тәртібі ҚІЖК 66-бабындағы ереже бойынша жүзеге асырылады. Алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімнің күшін жою және оны өзгерту үшін процестік бұзушылық қана негіз бола алады», - деді судья.
Әзірге Қ. Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов сөйлеп жатыр.
Еске салсақ, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды.
Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.