Назарбаев қамауға алынды
Алматыда мас күйде көлік жүргізгені үшін еліміздің бұрынғы президентімен аттас Нұрсұлтан Назарбаев есімді жігіт ұсталды. Бұл туралы Oimaq.News CMN.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Іс материалдары Жоғарғы сот сайтындағы сот кабинетінде жарияланды. «Ол 2024 жылғы 4 ақпанда Алматы қаласында Сейфуллин даңғылының бойымен солтүстікке қарай кетіп бара жатып, мас күйде көлікпен Тобаяқов көшесінің қиылысына шығып кеткен», - делінген іс материалында. Жүргізуші Нұрсұлтан Назарбаевтан алкогольдік мас болу дәрежесін анықтау үшін түтікке дем беруді сұраған. Медициналық куәландыру алкогольдік масаңдықтың жеңіл дәрежесін көрсетті. Ақыры сотта Toyota Camry көлігінің 23 жастағы жүргізушісі кінәлі деп танылды. Нұрсұлтан Назарбаев 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Назарбаев сот шешімімен келіспейтінін үкімге шағымданатынын айтқан.
Oimaqnews