"Шегірткеден келген шығын жоқ" – Сапаров
Бекітілген жоспар бойынша нақты жұмыс жалғасып жатыр
"Шегірткеге қарсы препарат жеткілікті", дейді Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.
«Шегірткеге қарсы күрес жұмыстарына қаражат пен препараттар жеткілікті. Вице-премьер Серік Жұманғаринмен бірге өңірлерді аралап жүрміз. Жалпы, бір ауылға шегіртке кіріп кетті, үлкен шығын келтірді деген дерек болмады. Бекітілген жоспар бойынша нақты жұмыс жалғасып жатыр», — деді А. Сапаров Парламент Мәжілісіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, көрші елдермен шекарада шегірткенің таралуына тосқауыл қою мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.
«Қазір шегірткеден келген шығын жоқ. Егер шегіртке таралып кетсе, шығынды анықтау әдістемісін даярлап, шығын сомасын есептейміз», — деді министр.