Саясат

«Rixos Khan Shatyr Residences» тұрғын үй кешеніндегі өрт: шығын бюджет есебінен өтелмейді

«Rixos Khan Shatyr Residences» тұрғын үй кешеніндегі өрт: шығын бюджет есебінен өтелмейді

22 маусым күні «Rixos Khan Shatyr Residences» тұрғын үй кешенінен өрт шыққан болатын.

Астана қаласы әкімдігі әкімдік құрған комиссия ұйымдастыру мәселелерімен айналысатынын мәлімдеді. Өрттен зақым келген пәтерлер мен қасбетті жөндеу шығыны бюджет есебінен өтелмейді. Комиссия ғимаратты ары қарай пайдалану бойынша техникалық мәселелерді қарайды. Аталған үйде өрт болғанын ескерсек, бұл – төтенше жағдай, қала әкімдігі ұйымдастырушылық мәселелер бойынша көмек көрсетеді.