Отарда комаға түскен сарбаз есін жиды
Бұл туралы сарбаздың әкесі Тимур Жаналин өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлім етті.
Жамбыл облысы Отар ауылында әскерде жүріп комаға түскен 19 жастағы сарбаз есін жиды. Бұл туралы сарбаздың әкесі Тимур Жаналин өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлім етті.
Естеріңізде болса, Жамбыл облысында сарбаз жансақтау бөліміне түскен еді. Оқиға 9 маусым күні болған. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі сарбаздың жағдайы ауыр екенін мәлімдеген.
Президент сарбаздың комаға түсуіне қатысты мән-жайды зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті.