"Келешек" жүйесі 2024 жылдың соңында іске қосылады
Қазақстандықтар балаларының оқуы үшін ақшаны арнайы шотқа жинай алады.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сөзінше, «Келешек» жинақ жүйесі күзде жарияланады. Банк шоты кез келген банктен ашылмайды. Банктердің белгілі бір тізімі болады. Тәуекелі ең күшті банктерді анықтап ірікктейміз дейді министр.
"Жиналған ақшаны тек оқуға ғана емес, бала ақша жинап, грант ұтса, тұрғын үй сатып алуға бағыттауға болады. Егер бала көпбалалы отбасынан болса, қаражатты өзінен кейінгі іні-қарындастарының есепшотына аудара алады. Бұл заң жобасында қарастырылған", - деді министр.