Саясат

Нұрлан Ноғаев  жаңа қызметке тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаев  жаңа қызметке тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.