Әлеумет

Меккеге қажылыққа барған 550 адам қаза тапқан

Барлығы аптап ыстықтан қайтыс болды

Сауд Арабиясына қажылық кезінде қаза тапқан қажылардың жалпы саны 550-ге жеткен.

AFP хабарлауынша, олардың 323-і египеттік, барлығы аптап ыстықтан қайтыс болды, тек бір адам жарақаттан көз жұмды. Қаза тапқандардың 60-қа жуығы –  иорданиялық.

17 маусымда Меккедегі мешітте ауа температурасы 51,8 градусқа жеткен. Биылғы қажылық 14 маусымда басталып, 19 маусым күні кешке аяқталады.