сенбі, 7 желтоқсан, 2024 7:38

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Саиров Жоғарғы соттың шешіміне халықтың ашу-ызасы көп екенін айтып, мәселе қашан шешілетінін сұрады

Саиров Жоғарғы соттың шешіміне халықтың ашу-ызасы көп екенін айтып, мәселе қашан шешілетінін сұрады
фото Мәжіліс
"Біз әділеттілікті орнатымыз ба, әлде бұрынғыдай халықты әуреге сала береміз бе?"

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров бүгінгі Мәжіліс отырысында  Жоғарғы соттың шешіміне халықтың ашу-ызасы көп екенін айтып, мәселе қашан шешілетінін сұрады.

«Бұл заң арқылы кассациялық қараудың алдында алдын ала қарау кезеңін алып тастау ұсынылып отыр. Дәл осы мәселе азаматтардың ашу ызасын тудыратын. Өйткені, Жоғарғы соттан әділеттілік таба алмаған азаматтар бізге, Мәжіліске, Президент әкімшілігіне келіп жүгінді. Қазір мұндай азаматтар өте көп. Нақты сұрағым - осы заң қабылданнан кейін. Азаматтардың Жоғарғы сотқа шағымдары тоқтай ма, әлде жалғаса бере ме? Өйткені, шынын айту керек. Жеке билік тармағы болса да, бүгінгі таңда сот жүйесіне және ең негізгісі Жоғарғы соттың шешімдеріне халықтың ашу-ызасы өте көп. Өйткені соттың шешімдері көп жағдайда халыққа түсініксіз. Сондықтан біз әділеттілікті орнатымыз ба, әлде бұрынғыдай халықты әуреге сала береміз бе?» – деп сұрады Ерлан Саиров.

Мәжіліс депутат Үнзила Шапақ әріптесінің көтерген мәселесімен келісетінін айттты.

«Сіз дұрыс айтасыз. Жобада алдын ала қарау немесе іріктеу кезеңі алынып тасталып отыр. Жалпы бұл не үшін істеліп жатыр? Шын мәнінде біз неге азаматтардың наразылығына тап болдық деген сұрақ туындайды. 2016 жылы 5 сатылы сот төрелігінен 3 сатылы сот төрелігіне көшкен кезде кассация айтарлықтай қысқартылған болатын. Мемлекет басшысы атап өткендей, қазір жалпы істің 5 пайызы ғана кассациялық сатыға жетіп отыр. Осы тұрғыда халықтың, азаматтардың көтеріп отырған мәселесі осы, қолжетімділік жоқ», – деді Үнзила Шапақ. 

Оның айтуынша, осы себептен қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға толыққанды кассация сатысын ұсыну мәселесін көтеріп, жаппай кассацияға жіберу ұсынылып отыр. 

«Әрі қарай жұмыс тобында мұны қолдап, талқылап жатырмыз. Дегенмен Жоғарғы соттың өкілдері статистикаға сүйене отырып, сіздің айтқан шағымның аз болатынын, болмайтыны туралы сұраққа толыққанды жауап береді деп ойлаймын», – деп айтты депутат.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар