Әйелін соққыға жыққан: бұрынғы аудан әкіміне үкім шықты
Сот оны кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды.
Сот үкімімен Атырау облысы Мақат ауданының бұрынғы әкімі Ринат Ибрагимов денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылған.
Бұған дейін аудан әкімі Ринат Ибрагимовке әйелін соққыға жықты деген айып тағылған еді. Сот бұрынғы аудан әкімі Ринат Ибрагимовқа қатысты үкім шығарды. Сот оны кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды.
Енді әкімге сағат 22.00-ден таңғы сағат 6-ға дейін тұрғылықты мекен жайы мен жұмыс орнын өз бетінше өзгертуге, облыстан және үйден шығуға тыйым салынды. Сонымен қатар алкогольді ішімдіктер тұтынылатын орындарға және ойын мекемелеріне баруға тыйым салынды.
Моральдық шығын ретінде жәбірленушінің пайдасына екі миллион теңге өндірілді.
Естеріңізде болса, Ақмарал Үмбетқалиева бұрынғы күйеуі өзін 11 жыл бойы ұрып-соғып, балаларын тартып алғанын айтып, видеохабарлама түсірген.
Ер адам бұл айыптауларды «жалған ақпарат» деп атап,жеке өмірі туралы түсініктеме берудің қажеті жоқ деп айтқан еді.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, іс қазір сотта. Келесі кездесу 29 мамырда өтеді.