Қоғам

Ерхат Искалиев «СК-Фармация» Басқарма төрағасы қызметінен мерзімінен бұрын босатылды.

Бұл туралы ақпарат 16 маусымда тараған еді.



Искалиев аталған компанияның төрағалығына 2020 жылы 12 шілдеде тағайындалды.

Оның алдындағы басшы Берік Шәріп Президент сынынан кейін жұмыстан кетіп, кейін істі болды.