жұма, 20 қыркүйек, 2024 9:59

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Байланыс операторлары 5G технологиясын дамытуға 450 миллиард теңге инвестиция салады

Байланыс операторлары 5G технологиясын дамытуға 450 миллиард теңге инвестиция салады
фото ашық дереккөздерден алынды
Байланыс операторлары 5G технологиясын дамытуға 450 миллиард теңге инвестиция салады

2027 жылдың соңына дейін байланыс операторлары 5G технологиясын дамытуға 450 миллиард теңге инвестиция салады. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев айтты.

«5G технологиясын одан әрі дамытуға қатысты Кселл және Теле2-мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында 5G-ді дамыту бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Бүгінгі таңда 20 қалада 1 144 базалық станция орнатылған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 5G ұялы байланысын енгізу 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс», - деді Жасұлан Мәдиев.

Министрдің айтуынша, 2027 жылдың соңына дейін байланыс операторларының салаға салатын инвестициясының көлемі 450 миллиард теңгеден асады. 

«Қазіргі уақытта 3 684 ауылда оптика жоқ. Ұлттық жоба аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 3 010 ауылға дейін оптикалық байланыс желісі жеткізіледі. «Соңғы миль» жоқ жерде шағын және орта байланыс операторларының күрделі шығындарының 50 пайызын субсидиялау тетігі пайдаланылатын болады. Осы жобалардың қорытындысында 2,4 млн адамды Интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету күтіледі. Жобалар байланыс операторларынан 340 млрд теңгеден астам көлемде жеке инвестициялар тартуды көздейді», - деді ол.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар