Қоғам

Ұлытау облысы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бұрынғы директоры сотталды

Ұлытау облысында Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының бұрынғы директоры сотталды, - деп хабарлайды Oimaqnews. kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлытау облысында Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының бұрынғы директоры сотталды, - деп хабарлайды Oimaqnews. kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Еңбекке жарамсыз және күтімді қажет ететін 29 қарттың (бірінші және екінші топтағы мүгедектер) зейнетақылары мен жәрдемақыларын бірнеше рет жасырын ұрлау фактісі бойынша 32 миллион теңге жымқырған істі  Ұлытау облысы бойынша ҚМА  департаменті тергеді.

Сонымен қатар, ол мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола тұра, 2019 жылғы қаңтардан 2023 жылғы ақпанға дейін қызмет бабын пайдалана отырып, мекеме қызметкерлерінің жалған лауазымдарды біріктіру туралы бұйрықтар шығарып,  12 миллион теңге аударған.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сотта әлеуметтік мекеменің экс-басшысы кінәсін мойындап, мемлекетке және қарттарға 44 миллион теңгеден астам шығынды толығымен өтеген.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып,  өмір бойына мемлекеттік қызметте, мемлекеттік органдар мен ведомстволарда лауазымды қызметтерді  атқару құқығынан айыра отырып, үш жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.