Қоғам

Алматылық қыздар такси жүргізушілері тарапынан кездесетін харассмент туралы айтып берді

Жаңа Адамдардың «Тұмар» азаматтық науқаны Алматы көшелеріне өзінің қауіпсіз әйелдер таксиін шығарды

Такси жүргізушілерінің арасында  харассмент  кең таралғаны соншалық, әрбір қазақстандық қыздың айтары бар.

Тіпті ресми такси жүргізушілері жолаушысы қыз болса, орынсыз сұрақтар қойып, қолдарына ие болмайды. Зорлау фактілері де жиілеп кеткенге ұқсайды. Ер азаматтар жазасыз қалуға үйреніп, қорқуды қойды. Өйткені, көптеген қыздар харассментке қалай дұрыс жауап беру керегін білмейді, сол себепті олар сапардың соңына дейін үндемей қалуды жөн көреді, ал кейін олар қорқынышты түс секілді бұл туралы естен шығаруға тырысады.

Жаңа Адамдардың «Тұмар» азаматтық науқаны Алматы көшелеріне өзінің қауіпсіз әйелдер таксиін шығарды. Онда жолаушылар жоспарлаған жеріне жетіп қана қоймай, такси жүргізушілері тарапынан харассмент туралы жеке жағдайларын да айта алады. Сауалнамаға қатысқан 300 қыздың 67%-дан астамы таксимен жүру кезінде харассментке ұшыраған. Бұл жағдайлардың әрқайсысы жан түршіктіреді.

«Тұмар» белсенділерінің жұмысы «харассмент» жасайтын такси жүргізушілері туралы ақпаратты жария етпекші. Қарапайым таксимен жүру енді әйелге қауіп төндірмеуі керек. «Тұмар» таксиде харассментке тап болған барлық қыздарды жедел түрде тасымалдаушы компанияға, сондай-ақ құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады. Өз құқығыңызды қорғаудан ұялмаңыз немесе қорықпаңыз. Сіздің жеке шекараңызды бұзатын адам ұялуы керек.