"Ою-өрнегімізді қор қылды": Snoop Dogg-пен ән салған KeshYou тобының образы сынға қалды
Америкалық әнші, рэпер Snoop Dogg-пен бірге коллаборация жасап, сахнаға шыққан Kesh You тобының образы көпшілікке ұнамай қалды.
Продюсердің айтуынша, қыздардың сахналық образдарын танымал дизайнер Аида Кауменова ойлап тапқан.
“Маған мына жерде көп адам қазақы ою-өрнек үшін ұрсып жатыр. Жарайды, онда жамбаспен көрпеге отырып, оюды аяқпен басуды қойыңыздар! Ою бейнеленген кілемді төсемеңіздер! Орынсыз жерде әулие бола қалғанды доғарыңыздаршы! Біз мұны әлемді мәдениетімізбен таныстыру үшін жасадық және бұл іс қолымыздан келді. Сіздер орынсыз сынап, хейт жазып бізді алға жетелейсіздер! Одан басқа қолдарыңнан түк келмейді”, – деп ашуланды продюсер.
Желі қолданушылары үш қыздың сахналық образын сынап, дизайнерді талғамсыз деп сөкті.
"Киім жақсы тігіліпті, тек ашық-шашық жері көп екен”, “Бетімен кеткен Баянға еріп, сандарын жалтыратып шықты”, “Snoop Dogg-қа көкелерін көргендей қайта-қайта жабысты ғой”, “Костюмнің шетіндегі шашақ ұнаған жоқ”, “Дүниежүзіне мына образбен масқара болдық”, “Ою-өрнекті қор қылды" – деп жазып жатыр оқырман қауым.