Әлеумет
Шетелде жоғалған қазақстандық әйелдің туыстары Германияға жетті
- авторОймақ
- 17 маусым, 2024
- 424
Айбек Смадияров дипломаттардың өзге елдегі тергеу жұмыстарына килігуге хақылары жоқ екенін еске салды.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның баспасөз мәслихатында Германияда жоғалған Қазақстан азаматының туыстары Германияға жеткенін мәлім етті.
«Жоғалған азаматшамыздың шешесі мен ағасы Германияда, виза алуға көмектестік. Полициямен тығыз байланыстамыз, жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жақын арада ақпарат болады деп күтеміз. Әзірше бар ресми ақпарат осы», - деді министрлік өкілі.
Айбек Смадияров дипломаттардың өзге елдегі тергеу жұмыстарына килігуге хақысы жоқ екенін де айтып өтті.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала
Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы жақсы – СІМ
Ұқсас жаңалықтар
Әлеумет
Түркістан облысындағы қанды оқиға: күдіктінің соты ашық өтетін болды
- авторОймақ
- 21 қараша, 2024