СҚО-да үш бала суға кетті
СҚО-да үш бала суға кетті: Біреуінің денесі үш тәуліктен бері табылмай жатыр
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында 16 жастағы екі жасөспірім суға кетті.
СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Тайынша қаласында 16 маусым күні сағат 16.30 шамасында болған.
Чаглинка өзеніне шомылуға барған 2008 жылы туған екі жасөспірім суға кеткен.
Баланың Тайыншада тұрса, екіншісі Атбасар қаласынан келген. Екеуі де — Тәжікстан Республикасының азаматы.
«Балалардың денесін тауып, алып шықтық. Сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Фамилиялары ұқсас, туыс болуы мүмкін. Қазір осы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді департаменттің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.
Ал 14 маусым күні Петропавлда Есіл өзеніне шомылуға барып, батып кеткен 10 жасар баланың денесі әлі табылған жоқ.