Алматыда Наурызбай ауданының тұрғындары жалаңаш әйелдің денесін тапқан
Оқиғаға байланысты Алматы полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Алматыда Наурызбай ауданында жалаңаш әйелдің денесі табылған. Мүрдені тұрғындар бірінші байқапты.
Бұл туралы туралы «НеМолчи.кз» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде жазды.
«Таусамалы ауылы, «Монтажник» СО-да 15 маусымда бірнеше полиция көлігі келді. Бұл жерден жас әйелдің денесі табылды. Ол киімсіз жалаңаш болды», – делінген жазбада.
Қоғам белсендісі тұрғындардың қорқып жатқанын жеткізді.
«Біреу өлтіріп, мәйітті лақтыруға келген сияқты», «Камералар бар, денені тастағандарды табуға болады», «Балалар көріп, қорқып кетті», – деген жұртшылық.
Оқиғаға байланысты Алматы полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде. Басқа жағдайлар анықталуда», – делінген полиция хабарламасында.