сенбі, 7 желтоқсан, 2024 7:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Қойшы балаға" Жігер Ауыпбаев неге ренжіді?

"Қойшы балаға" Жігер Ауыпбаев неге ренжіді?
фото: ашық дереккөз
"Мен сені інім, шәкіртім ретінде жақсы көремін"

Әнші Жігер Ауыпбаев өзінен кетіп қалған шәкірті «қойшы бала» деген атпен танылған Айдос Каденге ренішін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz HALYQ UNI сайтына сілтеме жасап. 

Қойшы баланың әлеуметтік желіде «Жігер аға мені танылғаннан кейін алып кетті. Ауылда жүріп, танылмай, қой бағып жүрген кезімде алып кетсе, дұрыс еді. Танылып болғаннан кейін ол кісі мені Instagram-нан көріп, іздеп тапты», деген сөзі тарап кетті.

Жігер Ауыпбаев шәкіртінің пікіріне жауап берді.

"Ауылдан Алматыға алып келіп қанатымның астына алып, қаншама талантты іні-қарындастарым армандап жүрген сахналарға жетектеп шығарғанымды қайтейін... Ең өкініштісі, көпшілік көріп куә болып жүрген кішігірім еңбегімді елемегенің. Сенің алар асуларың әлі алда еді, Айдосжан. «Қайта кірер есігіңді қатты жаппа», «Ішкен құдығыңа түкірме» дейді қазақ.3 жыл үйімде тұрып, асымды ішіп келіп TikTok тікелей эфирінде көпшілікке айтып отырған әңгімеңді естіп, көріп мен ұялып отырмын. Мен сен жайлы айтар болсам өнер жолындағы болашағыңды былғап аламын ба деп қорқамын. Ақылың бар ғой, балақай. Артық әңгімені қоя ғой. Бұл ескерту деп қабылдай ғой. Мен сені інім, шәкіртім ретінде жақсы көремін. Сол қадіріңді кетірмей-ақ қой!, – деп жазды ол TikTok желіcінде.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар