Атырауда ер адам бұрынғы сүйіктісін өлтірмек болған
9 маусымда 29 жастағы күдіктіге қатысты соталды тергеу басталған.
Атырауда бұрынғы сүйіктісін өлтірмек болған ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Әйелдің өміріне қастандық жасау әрекеті үйдің кіреберісіне орнатылған камераға түсіріп қалған. Кадрлардан ол пәтердің есігін құлыптап, далаға шықпақ болған кезде ер адам шабуыл жасағанын көруге болады.
Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді. 9 маусымда 29 жастағы күдіктіге қатысты соталды тергеу басталған.
«Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралар кешені қабылданады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта күдікті мен жәбірленушінің бұрын азаматтық некеде болғаны анықталды.», – дейді ПД өкілдері.
Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды