Қоғам

«Астана-Зеленостройдың» бұрынғы бас директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Сот күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, «Астана-Зеленостройдың» бұрынғы бас директоры алаяқтық жасады және пара беруге итермеледі деген күдікке ілінген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Зеленстрой» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Ол алаяқтық әрекеті мен қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне 15 миллион теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген күдікке ілініп отыр.

Сот күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды.