"Бүгінде Кәрім Мәсімовке қатысты Жоғарғы сотқа ешқандай іс түскен жоқ" – Рахметуллина
Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес кешірім жасау мәселесін сот шешпейді.
Мемлекетке сатқындық жасағаны үшін сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке кешірім беріліуі мүмкін бе деген сұраққа Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы жауап берді. Бұл туралы sputnik.kz жазды.
"Бүгінде Кәрім Мәсімовке қатысты Жоғарғы сотқа ешқандай іс түскен жоқ", - деді Назгүл Рахметуллина Парламентте.
Оның сөзінше, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес кешірім жасау мәселесін сот шешпейді.
Естеріңізге сала кетейік, 10 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов Президентке өзіне кешірім беру туралы өтініш берген болатын. ҰҚК мәліметіне сүйенсек, ол Астанадағы тергеу изоляторында қамауда отыр.