жұма, 20 қыркүйек, 2024 10:59

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сара Назарбаева ашқан институт мемлекет меншігіне өтті

Сара Назарбаева ашқан институт мемлекет меншігіне өтті
Фото: КазТАГ
Сара Назарбаева ашқан институт мемлекет меншігіне өтті

"Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізіміне енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкімет қаулысында Сара Назарбаева негізін қалаған институт мемлекет меншігіне өткені туралы жарияланды. 

Айта кетейік, аталмыш институт кейінгі екі жылда жұмыс бағытын өзгертіп, ребрендинг жасаған еді. "Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты" ендігі жерде "Өркен" балалар салауаты ұлттық ғылыми-тәжірибелік институты" деп жарияланды.

“Аталған институт 2021 жылы Сара Назарбаева негізін қалаған "Бөбек" қорының жанынан ашылған еді. Институттың негізгі миссиясы "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы арқылы елдің адами әлеуетін дамытуға үлес қосу болды. Ал Қазақстанда "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы 2022 жылы заң жүзінде өз жұмысын тоқтатты”, – делінген хабарламада.

Ендігі уақытта "Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету жүйесіне жәрдем берумен айналысады. Оның негізі мақсаты – қазақстандық балалардың әл-ауқат деңгейін Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше елдердің деңгейіне дейін арттыру. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар