Экономика

"Мен кейде көңіл көтеру үшін де осындай сөздерді айтамын" – Жұманғарин

"Мен жауапты мемлекеттік қызметкермін әрі азаматтарға ешқашан шегіртке жеуге кеңес бермеймін".

Вице-премьер Серік Жұманғарин «шегіртке халал» деген сөзінің қызу талқыға түскенінен хабардар екен. Бұл сөздерінің мәнін журналистер одан Сенатта тағы сұрады, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап. 

– Сіздің "шегіртке халал" деген сөзіңіз қызу талқыланып жатыр. Қазақстандықтардың кейбірі не себепті шегірткені жеуді ұсынғаныңызды түсінбек әлек. Бұған не дейсіз? - деп сұрады журналистер Серік Жұманғариннен Сенат кулуарында.

Бұл сұраққа жауап берген Жұманғарин Қазақстанда "шиеленісті" қоғамдық-саяси өмір барын айтады. 

– Мен сіздермен көптен бері сөйлесіп жүрмін ғой. Мен кейде көңіл көтеру үшін де осындай сөздерді айтамын. Кейде сіздердің көңілдеріңізді көтеру үшін осылай сөйлеймін.

Бірақ мен шегірткені біреуге жеуге ешқашан кеңес берген емеспін. Қай жерде олай айтылды? Әңгіме барысында мен оның халал өнім екенін айттым. Білуімше, белгілі бір БАҚ-тар факт- жасады. Бұл іс жүзінде солай. Бірақ ары қарай әңгімені өрбітпей, осы жерден тоқтау керек. Мен жауапты мемлекеттік қызметкермін әрі азаматтарға ешқашан шегіртке жеуге кеңес бермеймін. Бізде, Құдайға шүкір, азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілген, - деді Жұманғарин.

Журналистер "яғни, сіз жай ғана көңіл көтергіңіз келді ме?" деп сұрады.

– Олай емес. Бірақ бұл жағдай жылдан жылға қайталанатындықтан (шегірткелердің шабуылы), ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы бұрыннан тиісті тапсырма алды. Ол қазір әлемдік тәжірибені талдаумен айналысады: басқа елдер осы жәндіктермен қалай жұмыс істейді, оларды қалай өсіреді, ұстайды - зерттеп жатыр.

Тарихи тұрғыдан алғанда, біздің аумағымыз олардың көбеюіне қолайлы болғандықтан, біз ел ретінде бұдан қандай пайда көре алатынымызды түсінуге тырысайық. Менің ойымша, бұл логикалық тәсіл, мемлекеттік тәсіл. Мүмкін, мемлекеттік ақшаны жұмсамауға мүмкіндік беретін, өз қаражатын жұмсайтын инвесторлар табылар, - дейді ол.

Вице-премьер бұл әрине, ұзақ процес екенін айтады. Тиісті жобалық негіздемелерді жүргізіп, бұған мақсатты қаржыландыру қажет болуы мүмкін. 

– Біз қараймыз. Енді олар жобаға дейінгі дайындық деп аталады, біз халықаралық тәжірибе жинаймыз, шегірткелер үшін қоғамдар әлемінде не істейтінін көреміз. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының сүйікті тақырыбы бұл. Үкімет шегірткелер шабуылына биыл ең үлкен дайындықта болды, – дейді ол.