Құрбан айтта мал бағасын көтермеу қажет – Наурызбай қажы Тағанұлы
- авторОймақ
- 13 маусым, 2024
- 455
ҚМДБ баспасөз қызметінің мәліметінше, Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерден Құрбан айтта мал бағасын қолдан көтермеуді сұрады.
«Біз қашанда өзгелерге қайырымдылық жасап, айналамызға шуағымызды төгіп, үлкендердің алғысы мен батасын алып, өсіп-өнген елміз. Халқымызда «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» деген нақыл сөз бар. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады. Кімде кім мұсылманның бір қайғысын сейілтсе, Алла оның қайғы-қасіреттерінің бірін сейілтеді», – деген. Осы ретте еліміздегі барша кәсіпкер азаматтарды Құрбан айттың құрметіне мал құнын қолдан көтермей, халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, оңтайлы баға ұсынуға, жұртымыз күнде тұтынатын азық-түлікке мүмкіндігінше жеңілдік жасауға шақырамын. Құрбан айтты атап өтудің негізгі мақсаты – мұсылмандар арасында өзара мейірімділік, жомарттық, қайырымдылық, қанағат сынды адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Алланың рақым нұры төгілетін берекелі сәттерде халқымызға жақсылық жасап, көпшіліктің ризашылығына бөленейік», - деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Сарайшық – елордадағы алтыншы аудан
Ұқсас жаңалықтар
Сыртқы істер министрлігі Украинадағы жағдайға қатысты түсінік берді
- авторОймақ
- 22 қараша, 2024