Қоғам

Қазақстанда жастарға 1 млн теңгеден беріледі

Қазақстанда жастарды қолдауға арналған жоба іске қосылмақ. Конкурстың жеңімпаздарына 1 млн теңгеден беріледі.

Бұл туралы ОҚК алаңында өткен брифингте Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров мәлімдеді.

Конкурсқа 18 жастан 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.

Жобаға қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • Қазақстан Республикасының азаматтары;
  • 18 бен 35 жас аралығындағы жастар (34 жасты қоса алғанда);
  • өтінім беру сәтінде өңір аумағында тұрақты немесе уақытша тіркелуі тиіс;
  • өтініш беруші өтінім берген сәтте уақытша тұрақсыз жастар мәртебесінде болуға тиіс.

Қайрат Қамбаров әлеуметтік жобаларға қойылатын талаптарға да тоқталып өтті.