жұма, 20 қыркүйек, 2024 14:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бұзақылықтың құны қанша – Жаңа адамдар

Бұзақылықтың құны қанша – Жаңа адамдар
фото Жаңа адамдар
"Қазақстанның болашағы мен өркендеуіне әрбіріміз жауаптымыз"

 

Жаңа адамдардың «ВандализмOFF» азаматтық науқаны белсенділері қоғамдық мүлікті жоюға қарсы кезекті іс-шара өткізді. Жүк көлігімен  сынған аялдама қалдықтарын Астана көшелерінде  тасымалдап, жұртшылық назарын аударды. Көліктің бүйіріндегі жазу осындай бір ғана нысанды жою қанша тұратынын еске салды. «Қоқыс алаңына 3 миллион теңге апара жатырмыз». Бұл – кәдімгі қалалық қоғамдық көлік аялдамасы бұзылған сайын қалтамыздан шығатын сома көлемі.

Науқанда салық төлеушілердің мемлекеттік нысандарды қалпына келтіру мен күтіп ұстауға жұмсайтын қомақты қаржылық шығындарына назар аударды. Аялдаманың орташа құны 3 миллион теңгеге бағаланып отыр. Науқанға қатысушылар халықты қоғамдық инфрақұрылымға зиян келтірмеуге шақырып, оның азаматтардың жайлылығын қамтамасыз етудегі және қоғамдық өмірді жақсартудағы маңызын атап өтті.

Ақерке Ахпанбаева, «ВандализмOFF» азаматтық науқанының көшбасшысы: «Бұзақылық мүлікті ғана емес, біздің жұмысымыздың нәтижесін, болашағымызды бұзады. Пәтер болсын, көшедегі аялдама болсын, еліміздің әр бұрышына ұқыптылықпен қарау қажет. Қазақстанның болашағы мен өркендеуіне әрбіріміз жауаптымыз. Жаңа Әділетті Қазақстанды бірге құрайық».

».

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар