Есекеев Президент кеңесшісі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Ол Алматы қаласында дүниеге келген.
«Қазақойл» ЖАҚ-ының, «Қазақстан темір жолы» РМК-інің ақпараттық технологиялар департаменттерін басқарды.
2002 жылы мемлекеттік қызметке келді. Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде департамент директоры қызметінде ақпараттандыру мәселелеріне жетекшілік етті.
2004 ж. мамырдың 13 бастап Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
2006 ж. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы болып тағайындалды.
2010 жылдан «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы болып қызмет атқарған.