Спорт

Елдос Парижге барады

Биылғы төртжылдықтың басты бәсекесі Елдос Сметов үшін үшінші Олимпиада болмақ

Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев, Мағжан Шамшадин арасында өткен белдесулерде бірінші аталған спортшының бағы жанды.

Тәжірибелі Елдос Сметов алғашқы сында Мағжан Шамшадиннен басым болса, кейінгі кезеңде Нұрқанат Серікбаевты жеңді. 

Осылайша, тараздық спортшы Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді. 

Биылғы төртжылдықтың басты бәсекесі Елдос Сметов үшін үшінші Олимпиада болмақ. Бұған дейін ол 2016 жылы Рио-до-Жанейрода өткен олимпиада ойындарында күмістен медаль тақса, Токио - 2020-да қола медаль қанжығалаған еді.